09.07.2022
912
КӨРКІНЕ КӨЗ ТОЙДЫРЫП КЕЛЕДІ ҚЫЗ
Самаладай жұлдыз жанған түн дерсің,
Көрсең көркін, көз тойдырған бейнесін.
Оның əсем жанарының түбінде
Түн түнегі, сəулесі бар күннің де.
Сол екі түс бір қосылған шақта, сен,
Одан асқан ешбір нұрды таппас ең!
Қара бұрым ақ денеге жарасқан,
Бар тұлғада сол екі түс таласқан,
Егер оның қара жағын молайтып,
Ақты азайтып, сəл кемітсең сəулесін,
Мына ғажап сұлулықты жоғалтып,
Жояр едің əсемдіктің əммесін.
Жанар беті, жайнар жүзі, біл, түсін,
Ернінде ояу тұрған күлкісін.
Тыныш тірлік, тұнық өмір, мөлдір жан,
Ақ көңілін асыл ойға шомдырған.
Оңашада ескен қалпын гүл атып –
Бəрін соның балғын жүзі тұр айтып.