![](/uploads/shorttexts/author_image/polifaznyj-son-mozhno-li-sohranjat-effektivnost-tratja-na-son-vsego-2-chasa-v-den.png)
Білезік: түсте білезік көру—көбіне жақсылыққа жорылады. Бойдақ жігіт түсінде білезік көрсе, көп кешікпей үйленетініне жорылады. Бір әйелге білезік сыйлағаныңызды көрсеңіз—дос болғыңыз келген адамнан теріс жауап алатыныңызды білдіреді. Әйелдің қолынан білезік көру—қуанышты хабарды; білезікті өз қолынан көру—қайғы-мұңды білдіреді. Өлген адамның қолында білезік көрсе—ол адамның сізден разы болатындығын білдіреді. Түсінде беделді адамның қолынан білезік алса—ол адамның өзі немесе бауыры балалы болады. Қолына білезік тағып алғанын көрсе—қиыншылық пен таршылық жорылады. Егер алтын білезік тағып, оның қолына кең болғанын көрсе—басынан қиыншылық өтетіндігінің белгісі. Басқа біреулердің білезік тағып жүруі—қиын жағдайда сізден көмек сұрайтынын білдіреді. Білезік жоғалтып алсаңыз—ешқашан орындалмайтын іс үшін көңілсізденетініңізді білдіреді. Білезікті иесіне қайтарып бергеніңізді көрсеңіз—жақында басыңызға қуанышты оқиға келетініне жорылады.