09.07.2022
  1153


Автор: Түс жору

Бұлт: Түсінде бұлт көру—халықты бақытқа жетелейтін ислам діні деп жорылады. Бұлт—тіршілікті сусындататын болғандықтан, Алла Тағаланың мейірімі деп жорылады. Кейде бұлт—ғылым мен білімді, сырды білдіреді. Бұлттардың үстімен жүргенін көрген адам— салихалы (жан дүниесімен таза) қызбен үйленеді. Егер арман-тілегі болса, орындалады және сапарға шығады. Білім ізденуші болса, түбіне жетіп атақты болады. Кімде-кім бұлттардың арасына кіріп, ол жерден ештеңе алмаса, ол адам ғалымдармен бірге отырып сұхбаттасады, бірақ олардың ғылымынан ештеңе алмайды. Егер бұлт қара болса—қуаныш пен бақытты 5-0185 66 ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР білдіреді. Бұлтты көргенде жүрегінде қорқыныш болса—ол адамға қуатты адам тарапынан қорқыныш келеді. Кейбір түс жорушылар бұлтты мезгілінде көрсе, нығмет пен берекетке мал-мүлікке ие болатынын білдіреді деп айтады. Жаңбыр жауып жатқанын көрсе—Алла Тағаланың сол аумаққа рызықты мол беретініне жорылады. Егер халық қуаңшылық көріп жатса, Алла Тағала олардың рызығын молайтып, құрғақшылықтан құтқарады. Жаңбырсыз қара бұлт көрсе—ол адам көп табыс табады. Кейде бұлт—қатты аязға немесе уайымға жорылады. Қызыл бұлт—сол аумақта бүліктің, аурудың шығатынын білдіреді. Егер аспанның жерден аспан әлеміне көтеріліп, қаланы көлеңкелегенін көрсе—жақсылық пен берекет болатынын білдіреді. Түс көруші сапарға шығатын болса, сапары сәтті болады, басында уайымы болса, қуанады. Қызыл бұлт—жұмыссыздықты; қара бұлт—қайғымұңды білдіреді. Егер түсінде бұлттан бір нәрсе алғанын көрсе—ғылым мен білімде едәуір ілгерілейді деп жорылады. Бұлтқа мініп, үстінде жүргенін көрсе—ол адамның жақсылықты, сырды сезетінін білдіреді. Түсте бұлт көру тоғыз түрлі жорылады: сыр, басқару ісі, мемлекеттің дамуы, мейірім, намыс, азап, жоқшылық, бәлекет және бүлік. Түсінде аспандағы бұлттың өзімен бірге қозғалғанын көрсе—ол адам молшылыққа жетеді. Бұлт аспанда қаптап, жаңбырдың орнына қар жауғанын көрсе—сол жерде бір бәлекеттің болатынын білдіреді. Бұлттан жаңбырдың орнына сүт жауғанын көрсе—берекетті, молшылық жыл болатынына, бал жауғанын көрсе—бақытты өмір сүретінінің белгісі.





Пікір жазу