05.07.2022
  135


"Журналист" болғым келеді

Әрбір адам баласының жүрегінде жататын аңсаған арманындары болады. "Арман-адамға қанат" дегендей, ең алдымен алдымызға үлкен арман қойып, мақсатымызға жетеміз.Ал мақсатқа жету үшін қажырлы қайрат пен тынбай еңбек ету қажет.Меніде армандарым жетелеп "журналистика" саласына алып келді.Бала кезімнен теледидардағы диктор аға-әпкелерге еліктеп өстім.Олар мен үшін ғажайып әлем мен таңғаларлық дүние болып көрінетін.Мүмкін менің жарқын болашағымның себепшілері болар?!

Әлемнің әр түкпірінде сан алуан құбылыстар мен түрлі процестер болып жатады.Біз біле бермейтін ғаламның қаншама қызықты ақпараттары да жоқ емес.Алайда сол ақпараттарды жеткізетін біз,яғни журналисттер.Журналист-қарапайым халық пен қоғам арасындағы көпір секілді.Әр ақпаратты сараптай келе түйіндеп,халыққа барынша таза жеткізуге тырысады.Халыққа адал қызмет етумен қатар үлкен жауапкершілікті талап етеді.Сондықтан бұл саланың қызығы мен қатар қиындығы қатар жүреді.

Үлкен қадамдарға арманымның арқасында адымдап басып келемін.Журналистика саласынан өзімді көремін.Сондай-ақ тіл маманы болғандықтан жүректен шыққан шынайы сөздерімді тіл арқылы жеткізгім келеді.Бұл салада адам өзінің шешендігімен қатар ұшқыр ойының арқасында алынбайтын қамалды құлатады.


Абай атамыз бір сөзінде

"Өзіңе сен,өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап " деп,бізге үлкен жігер қалдырып кеткен болатын . Адамның қажырлы қайраты мен ақылы кез-келген белестен алып шығатынына сенімдімін.Алдымызда өте үлкен,қиын да күрделі, шырғалаң жол күтіп тұр.Алайда сол жолдан білімді және талпынған адам ғана шыға алады.

жазған: Бақытжан Ақбота Әділханқызы




Пікір жазу