29.06.2022
  122


Автор: Марфуға Айтқожина

Беу, өмiр!

Беу, өмiр!
Сен қандай ағынды едiң,
Аласұрған ағынға бағын дедiң.
Бағынбадым еркiңе,
Басымды иiп,
Ешкiмнiң қолында емес бағым менiң.
Бағым да өз қолымда, бақытым да,
Бiлген бiле жатады уақытында.
Басымдағы зор бақыт –
Еркiндiгiм,
Байлық та,
Керек емес жақұтың да.
Керек емес атақ пен мəнсап деген,
Атажұртқа алыстан аңсап келгем.
Аңсаған арманыма қол жеткенде,
Көгiнде бiр жұлдыз боп жансам деп ем.
Бұлақтай мөлдiреген күмiс үндi,
Тыңдаттым жұртыма өз тынысымды.
Көлдерiн жаудыраған көзге теңеп,
Жетiсудың деп келем шыңы сырлы...
Содан ба, биiктерге қарайтыным,
Содан ба, сиқырлыға арай-шыңың,
Содан ба, алабұртып, өлең жазып,
Өмiрдiң өткерiппiн талай түнiн.
Жүзiмдi таң шапағы шайып нұрмен,
Өзiңе қанатымды жайыппын мен.
Санамды жаппасын деп қара түнек,
Жарыса оянамын жарық күнмен!..





Пікір жазу