АЙНАЛАЙЫН
Айналайын,
Баураған бауырыңнан,
Баурайыңда айыққан ауру жан.
Туған ауыл тынысын,
Тiршiлiгiн,
Тыңдадым күнде соққан дауылыңнан!
Айналайын,
Мейірiмдi жүрегiңнен,
Мейiрiңнен нəр алып жүремiн мен.
Жүрегiңнiң лүпiлiн үзбей тыңдау –
Адам үшiн бақыт қой, бiле бiлген.
Анаға тəн аңғарғыш бала сырын,
Сол сырға қанық жаның, қарашығың.
Шын мейiрiң жүретiн аңсаттырып,
Сол аңсау ғой, өзгермей қалатұғын.
Жалғыз сөзiң жанымды тынықтырар,
Бiр өзiңдей жан күйiн – кiм ұқтырар.
Күнiң дағы ерекше,
Күлiп шығар,
Көлдерiң де
Көлдерден тұнық шығар?!.
Құстардың қанаттары-ай, зуылдаған,
Еш пенде, армансыз боп туылмаған.
Өмiр берiп келедi сол жылылық –
Алақанның табы тұр, суынбаған...
Мөлдiретсе таңдағы дала шығын,
Сөзсiз, сенiң менi еске алатының.
Суынбайды,
Сол бiр тап алақаннан,
Жұмылғанша көзiмнiң қарашығы...