29.06.2022
109
ЗАМАН – АҒЫН
Көктем ару, құлпырып, келсе гүлдеп,
Биiктейдi көңiл де,
Еңселi көк.
Алып келдi бұл көктем жырға шабыт,
Бұл бақыттың ақынға өлшемi жоқ!
Болғанымен күндерiм жапалы да,
Бас имедiм ешкiмнiң атағына.
Келе бермес басына көрiнгеннiң,
Шуақ күннiң шомылдым шапағына!..
Жүргеннен соң жұртыма болып сыйлы,
Сиқыр күштен жүрегiм толықсиды.
Осы емес пе, ақынға
Атақ деген,
Мен халқымды,
Ал, менi халық сүйдi!..
Шалқыса да сан қилы заман-ағын,
Жүрегiмдi жаңғырттым,
Жаңаладым.
Маған деген халқымның махаббатын,
Бəрiнен де биiк деп бағаладым!..