29.06.2022
  112


Автор: Марфуға Айтқожина

ЖАПЫРАҚТАР ЖАУДЫРАП...

Алтын өрнек күз келдi күбiрлесiп,
Жатты үлкендер, бұл да бiр ғұмыр десiп.
Төрт мезгiлдiң бəрiн де бiрдей көрген,
Тербетiлген –
Жер-Ана,
Жұмыр бесiк!
Жайма шуақ қоңыр күз шашып нұрын,
Толқытады сезiмдi ашық бiр үн.
Самал ессе, сəл ғана
Сағағынан,
Жаудырады жапырақтар, ғашық сырын.
Жұпар иiс жапқандай алма бағын,
Алма бақтан жетедi, салған əнiң.
Табиғаттың күзi де ойлы келер,
Самалы соқты үзiлмей
Сары даланың...
Дүбiрлетiп дүниенi желпiп жеткен,
Кеткенi ме алыстан,
Көкшiл көктем?!.
Қоңыр күздiң көктеммен орны ауысты,
Айта алмаймын жүгi оның
Жеңiл, – деп мен.
Қоңыр күзiм түрғанда шуақ төгiп,
Ол да маған жатқандай қуат берiп.
Көк тырналар барады,
Көк жүзiнде,
Көңiлдi көктемменен шұбап келiп.
Əндерi-ай, əуелеген тырналардың,
Үнiмен ақындардың нұрланар мың.
Өмiрден тырналардай қайтқан күнi,
Жыр өлкемде,
Жыр болып,
Жырланармын!..





Пікір жазу