«ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТI»
Үнi жеткен далама байтақ, алып,
Бұл газеттiң жұртына айтары анық.
Жиырма жыл араға уақыт салып,
Үш мыңыншы сан келдi
қайталанып.
Кезiң бар ма, толастап, тыным көрген,
Ұлылардың жаңғырттың үнiн өрден!
Əдебиет, өнердiң жанашыры,
Ақындардың желпiдiң,
Жырын желмен!
Оқырманмен сырластың ойың бөлiп,
Өрiстедiң, өркендеп,
Өрiң кеңiп...
Қаламгердi халқымен қауыштыру,
Қашаннанғы арманың сенiң берiк.
Ортақтасып қуаныш, мұңына да,
Шығып едiң,
Шуақты шыңына да.
Ел мен жердiң тағдырын тынбай
шертсең,
Əлдиледi сенi де ұлы дала!
Асулар-ай!
Өмiрдiң, қалай биiк,
Өткерсең де басыңнан талай күйiк –
Қазағымның Тəуелсiз халқы үшiн,
Қабағыңнан келесiң, арай құйып!
Күйiн шертiп өлiнiң, тiрiнiң де,
Ғасырлар тебiренiсi тұр үнiңде.
Сен халықтың,
Қазақтың əдебиетi,
Қақың жоқ, ешқашан да сүрiнуге!..