29.06.2022
  108


Автор: Марфуға Айтқожина

ЖАПЫРАҚТАН ЖАС ТАМШЫЛАП

(Мағжан рухына)
Сұрапыл заман өттi аласұрып,
Қасiреттi кеш,
Зарлаған таң атырып...
Отырсыз, Түркi елiне ой асырып,
Қасыңда толғанайын, қала тұрып.
Айналайын кетсең-дағы асқар шыңға,
Есiңнен туған жұртты тастарсың ба.
Толқындап бұйра шашың қара ормандай,
Кешегi көрiнесiз жас қалпында.
Тербетiп жүректе жыр – ғашығыңды,
Арнадың, Алты алашқа, асылыңды.
Жанардың тереңiнде жаудыраған,
Бiр сезiм,
Сiзге деген жасырынды.
Ол күндер, өтiп кеттi жоқ қой айшық,
Ол қасiрет, оралмайды ендi қайтып.
«Аруды Ұйқыдағы» аяласаң,
Сыңсиды, аққайыңдар,
Жоқтау айтып...
Қалайша, қиянатқа жан шыдайды
Өткерiп тас түрмеде сансыз айды.
Арудан аумай қалып жоқтау айтқан,
Мөлтiлдеп, жапырақтан –
Жас тамшылайды...





Пікір жазу