29.06.2022
  134


Автор: Марфуға Айтқожина

ТƏКАППАР, СҰЛУ ДҮНИЕ

Тағдыр – жалған сыңғырлы үн,
Сағымды талай сындырдың.
Жыласам да шын жылап,
Күлсем-дағы шын күлдiм.
Тағдыр – тарпаң тұлпардай,
Көсiле жүйткiр бұлтармай.
Талай əнiм тұншығып,
Iшiмде жатыр шырқалмай.
Ақын болып жаралып,
Отырмын ойға қамалып.
Сəуiрдiң ескен самалы,
Келдiң бе алып жаңалық.
Елтимiн көктем күйiне,
Бақытқа, айтшы, кiм ие?
Көзден ғайып боларсың,
Тəкаппар,
Сұлу дүние!





Пікір жазу