29.06.2022
  121


Автор: Марфуға Айтқожина

СҰЛУЛАРДЫҢ СҰЛУЫ

Арылмайтын жүрегiнiң жылуы
Сүйген жарың –
Сұлулардың сұлуы.
Елiм үшiн зор мақтаныш емес пе,
Ер жiгiттiң сендей болып жүруi!
Төрт құбыланы түгендеген талтүсiң,
Шаттық күйде өтiп жатыр Алпысың.
Алда талай асулардан аса бер,
Байтақ дала,
Қазағымның халқы үшiн!
Шалқи берсiн, қуанышың, шаттығың,
Дос сүйiнiп, таңырқасын жат бүгiн.
Мерейiңдi биiктетiп тұр қандай,
Азаматтық,
Ақындық пен пəктiгiң!..





Пікір жазу