29.06.2022
  116


Автор: Марфуға Айтқожина

ЖАҒЫЛДЫ ҮЙГЕ БIР ШЫРАҚ

Күн артынан күн шұбап,
Жаныңды қасiрет шымшылап.
Жүргенiңде бауырым,
Жағылды үйге бiр шырақ.
Күн артынан күн шуап,
Кiрпiгiң жасқа түн шылап.
Жабырқап, жасып, жүргенде,
Жағылды үйге бiр шырақ.
Маңына төгiп алауын,
Iңгəлап жатқан жаңа үн.
Өмiрдiң қайта көтердi,
Желбiретiп жалауын!
Күрсiнбе ендi, мұңланба,
Шырағың жанып тұрғанда.
Сəулесiн төгiп шырағың,
Сая болсын жыр жанға.
Қайтадан кiрiс өлеңге,
Өлеңсiз iсiң өнер ме?!.
Шырағың жанған сөнбесiн,
Арысың қайтып келер ме?!.





Пікір жазу