29.06.2022
  141


Автор: Марфуға Айтқожина

ҚОҢЫР КҮЗ

Қоңыр күз келдi нұрланған,
Алтын дəн тасып қырманнан.
Ақынның жаны тебiрендi,
Жаудырып жапырақ жырлардан.
Қоңыр күз келдi ырысты,
Кеңiнен алып тынысты.
Жаз күнi жатыр қоштасып,
Қимастық жанда тұр ұшқын.
Қоңыр күз келдi нұрланған,
Салқын жел есiп қырлардан.
Iрге тептi күз-ғұмыр,
Жүрекке ұйып сырлы арман.
Жеттiң бе аман, алтын күз,
Қабағы ашық, жарқын жүз.
Тiл тауып əлi-ақ кетермiз,
Өмiрдiң бұзбай салтын бiз...





Пікір жазу