29.06.2022
  117


Автор: Марфуға Айтқожина

АУЫЛЫМ ҚОНУШЫ ЕДI КӨЛГЕ ЖАНАЙ

Ауылым қонушы едi көлге жанай,
Бұл жүрек шыдар екен шөлге қалай.
Құстардан сəлем жолдай келемiн мен,
Жыл сайын,
Ұшып кеткен елге қарай!..
Билеген ақын едiм еркiмдi өлең,
Өлеңсiз жаным менiң серпiлмеген.
Ұлғайып барады арман көкейдегi,
Көрсем-ау, деген сұлу –
Көркiңдi ерен!..
Жетермiн туып-өскен елге қалай,
Көруге көптен берi келмедi орай...
Сағыныш сапырылды
Сайрамкөлдей,
Тасқынды қарсы келем селге қалай?!.
Еркiне менi еңсерiп бара жатыр,
Бiткендей үн қатады санаға тiл.
Тұтасып тұла бойы сағыныштан,
Жаудырап көл жанары, дала жатыр.
Шайқалтқан дауыл ма əлде еменiңдi,
Бұл тағдыр, неге жылап,
Неге күлдi?!.
Сағыныш, тəлкек етiп жүрсең де сен,
Туған ел, ақынына сене бiлдi.
Қонайын, еркiм сенде, ұшайын ба,
Кең дүние, келшi бермен,
Құшайын да.
Аяулы Анам өзiң аймалаған,
Ержеткем, сенiң ыстық құшағыңда.
Жастығым өттi қалай, бiлiнбедi,
Бiлмеймiн, əлi күтiп жүрiм ненi?!.
Кетпейдi көз алдымнан самал өпкен,
Құрақтың сонша нəзiк дiрiлдерi...
Құрақтың сонша нəзiк дiрiлдерi,
Түрады елеңдетiп бiр үн менi.
Жайнаған қызыл шоқ па, бұл махаббат,
Тəңiр-ау,
Тобылғының бүрiндегi...
Еншiме берiп маған ащы мұңды,
Тағдырым, аямадың қастығыңды...
Қайтарып бершi маған, бəрiн алып,
Алаңсыз,
Аңқау, адал жастығымды.
Ауылым қонушы едi көлге жанай,
Бұл жүрек шыдар екен шөлге қалай.
Құстардан сəлем жолдап келемiн мен,
Жыл сайын ұшып кеткен елге қарай!..





Пікір жазу