29.06.2022
173
ЖАЛҒЫЗ ТАМШЫ
Талшық еткен жанға жалғыз тамшыны,
Бар қазақпен жалғас жатқан
Жан сыры.
Алыстағы Алтай менен,
Түркінің,
Еліне ортақ, Мансұры!
Сағыныштан жаңғырса да қанша үні,
Жанына арқау –
Сағыныштың талшығы...
Стамбұлдан –
Алматы деп самғаған,
Сен жыл құсы,
Сен екі елдің Мансұры!
Бастан кешіп, қазақ, түркі тұрмысын,
Екі елдің де салтын сақтап жүрмісің?..
Түркиядан аңсап жеткен еліне,
Сағыныштың жыл құсы!