29.06.2022
138
ТҮРКИЯ ЖЕРІ ҚАНДАЙ КЕЛІСТІ ЕДІ
Мен əлі Түркияға барғаным жоқ,
Түркия!
Қалар ма екен арманым боп?!.
Стамбұл шырағы ма деп қаламын,
Жарқырап сансыз жұлдыз,
Жанғанда от.
Түркі елін əлі көзбен көрмесең де,
Тартасың,
Қиял-шыңын өрге сен де.
Болмаса саған деген
Бір жақындық,
Жүректі сансыз жырмен тербетем бе?!
Арманым, өзіңменен бір қиялым,
Жолдаймын,
Жырмен сəлем,
Жұртыңа мың!..
Ақынның қиялында шек болар ма,
Тербелем,
Ақтеңізінде,
Түркияның!