29.06.2022
  93


Автор: Марфуға Айтқожина

ЖЫРМЕН ТЕРБЕП

Ақылдысың,
Арлысың, тиянақты,
Жасамайтын ешкімге қиянатты.
Парасатты, пайымды, тапқырлығың –
Жырмен тербеп,
Жүрекке күй оратты!
Алмас қылыш секілді өткірлігің,
Жеңілдетіп жүргені көптің жүгін.
Арғымақтың жалынан жел естіріп,
Елің үшін –
Ерлікпен өтсін күнің!
Қаршығадай қағылез зеректігің,
Батыл жігіт өзіңдей –
Керек бүгін.
Құтты болсын, бауырым,
Жарты ғасыр,
Басылмасын ешқашан өр екпінің!
Жұртың үшін бақыт қой, жүдегенің.
Жақсылықты ұмытпай,
Жүреді елің.
Əдебиет, қазақтың өнері деп,
Соғып тұрған дүрсілдеп
Жүрегі өзің!





Пікір жазу