29.06.2022
  123


Автор: Марфуға Айтқожина

ДҮБІРЛІ ДҮНИЕ

Ешкім де жеткізе алмас теңеп күшін,
Дүние-ай, сен дүбірлі емеспісің.
Бəріне тебіреніп өтетұғын,
Жүрегі ақындардың емес бүтін.
Толқындап жатса да жыр ағынға бай,
Келеді жанбай менің бағым қалай?!.
Көз салсам Алатаудан –
Тəңіртауға,
Сағыныш самалы есер, дамылдамай!
Сағыныш самалы есер, дамылдамай!
Өріс кең,
Өре биік, ағынға бай!
Арманын ақын жанның, айтшы,
– Ұлы Абайым,
Тебірене сезбес екен, жаның қалай?!.
Күтеді жақсылықты қалай да адам,
Жайым бар, Қиыр жаққа қарайлаған.
«Сарықпа сабырыңды, қарағым» деп,
Тұрғандай ақыл айтып –
Абай маған!..
Өтеді сері жандар, серілікпен,
Серілік – тарқатады, шерін бүккен.
Күй кешіп өзгешелеу басқалардан,
Келемін бəрін де іштей сезініп мен.
Жалғасып керуенімен ғасырлардың,
Сарқылмай жанға сая, жатыр мəңгі үн.
Ағысы алыс тартқан,
Арнасы мол,
Абай тұр,
Құдіретін асырған мың!..





Пікір жазу