29.06.2022
  113


Автор: Марфуға Айтқожина

ЕЛ ҚУАНЫШЫ – ЕЛУ ЖЫЛ

Алтайдан ел көшкенде асып кеше,
Тауларды, өзен-көлді басып неше!..
Көзбенен көрмесе,
Адам, сенер ме еді,
Осы жұрт,
Түркияға ғашық десе?!.
Қалдырып туған елді шалғайларда,
Жүрегің, еліңді ойлап,
Жанды арманда!..
Кешегі жалғыз шыбық қолмен еккен,
Айналып отыр бүгін ормандарға!
Білмесем тарихынды сену қиын,
Көп кештің,
Бастан ауыр өмір күйін...
Бар қазақ тойлап отыр,
Стамбұлда,
Еліңнің салтанатты –
Елу жылын!
Түркия жері қандай келісті еді,
Осы елде,
Бар арманың өрістетеді...
Жетпедің бұл күндерге оңайлықпен,
Келдік біз,
Қуанышыңды бөліскелі!
Татулық, достығымды жарастырып,
Толқиды, Мəрмəр теңіз,
Ғажап тұнық!
Қабыл ал,
Жан сезімін жыр боп төккен,
Жасай бер,
Ер қазағым,
Азат Түрік!..





Пікір жазу