29.06.2022
  103


Автор: Марфуға Айтқожина

Өмірдің күттірмей-ақ келді күзі...

Өмірдің күттірмей-ақ келді күзі,
Келді күзі, тым айқын ендігі ізі...
«Ақынның дүлдүлі» деп, сыр толғапты,
Қазақтық нəзік жанды,
Қалдықызы.
Ақынның туындамас жыры тегін,
Жанымды желпіп өтті,
Жылы сөзің...
Əркімде бола бермес бұл қасиет,
Жылылық дейтін, ғажап, Ұлы сезім!..
Ойыма жалғыз сөзің жан бітіріп,
Мөлдіреп таңғы шықтай, қалды тұнып...
Дейді ақын, «айтып кетсем»,
Айтар сөзің,
Адамға берілмеген мəңгі тірлік!..
2
Дүбірлеткен дүлдүлге де теңепсіз,
Мадақтауды деуші едім мен, керексіз...
«Халық айтса, қалт жібермес» деген бар,
Дүлдүлдердің тобындамыз,
Демек біз?!
Көкейінде жүрген дүйім халықтың,
Бір шындықты,
Бір сөзбенен таныттық,
Қақыратып қара бұлттың құрсауын,
Нұр шашып тұр,
Жарық күн!
Қуаныштан құралмайды тірлік кіл,
Шама келсе, жүректегі сырды ұқтыр.
Несі ерсі, тірлігінде естісең,
Түбінде бір айтылатын,
Шындық бұл!..





Пікір жазу