29.06.2022
  104


Автор: Марфуға Айтқожина

ЖАЛҒЫЗ ҚАЙЫҢ

Десем де жанды мұңға алғызбайын,
Сұңқылдап, түнді кезген
Байғыздайын –
Талқы мен Алатауға кезек қарап,
Жапанда теңселеді Жалғыз қайың!..
Десем де қиырларға жайылды үнім,
Шалқалап туса-дағы айым бүгін –
Сыбдырлап жапырағы, сырлы күзде,
Шертеді сағынышын,
Қайың мұңын...
Тауысқан ақын бар ма, ойын жазып,
Шуаққа жапырақтар бойын жазып –
Сыбдырлап жапырағы күзгі желге,
Сыңсиды,
Сыбдырлайды,
Қайың нəзік!..
Күткендей бір сырлы саз, тау сағына,
Аққайың, мұңын айтып, таусады ма?!
Тірліктің құштар, қайың, кəусарына,
Шық қоныпты,
Жапырақ – саусағына...
Төгіледі-ау, сұсты күз,
Жауса мына...





Пікір жазу