29.06.2022
  90


Автор: Марфуға Айтқожина

КІСІЛІК

«Айқайлатып бірінші бетке бердік»,
Бауырым,
Бұның өзі неткен ерлік!
Толқындардан –
Толқын боп көкке атылып,
Жалынменен жалындап,
Өрттен – өрдік!..
«Айқайлатып бірінші бетке бердік»,
Бауырым,
Бұның өзі неткен ерлік!
Буырқанып,
Бұлқынған жүректерді,
Тұншықтырып,
Қаншама дертке көмдік!..
«Айқайлатып бірінші бетке бердік»,
Бауырым,
Бұның өзі неткен ерлік!
Бəрі де жатыр жазған жырларында,
Ғасырларғы ширыға,
Шерткен өрлік!
Ақындықпен, кеңдікпен, тереңдікпен,
Жатқан жоқ па қауышып,
Өлең жұртпен?!
Биіктерден өзіңді көрсететін
Кісілікті осындай,
Сенен күткем!





Пікір жазу