АБЫЛАЙ ХАН ОПЕРАСЫНАН АЛҒАН ƏСЕР
Япырма-ай, бар ма бұдан асқан бақыт,
Жылаған жүректерді –
Жатсаң жұбатып –
Ғасырлар құрсауынан босаттыңыз,
Абылай хан!
Аруағын аспандатып!
Алматы қалмай келді халқы бүгін,
Мəңгілік саналарда қалсын ұғым!
Абылайдың ақ туын желбіреткен,
Ел солай, алақанға,
Алсын ұлын!
Жанарға тебіреністен жас алдырып,
Салтанат сəн құрыпты, жасандырып,
Жұрт қайта қауышыпты,
Ұлы ханмен,
Ел күткен орындалып, қашанғы үміт...
Дүние жаңғырғандай жасындардан,
Ерекше, осы кеште тасында арнаң!
Өмірге Сіз əкелген – өнер тұрғай,
Ерке аға!
Көрерменге – атың да арман!
Ырғағын заманымен тауып терең,
Ханымен қазақ елі,
Қауышты өрен!..
Халайық, Абылай хан операсы,
Бір ғасырда,
Бір келген табыс дер ем!
Адамға берсін солай, дарын берсе,
Дүрліктір дүниені, əлің келсе!
Абылаймен ғасырды жаңғырттыңыз,
Бір туар, қайталанбас
Дарынды Ерке!.