29.06.2022
  104


Автор: Марфуға Айтқожина

Əдетке бағып бұрынғы...

Əдетке бағып бұрынғы,
Отырмын жазып, жырымды.
Күнбағыстай құбылған,
Пенденің жүзі бұрылды...
Əдетке бағып бұрынғы,
Ақтардым, жұртқа сырымды.
Сəулесін шашқан маңына,
Сарықпай ішкі нұрымды!..
Қазандай ішті кептіріп,
Жатпаймын, тіпті, кек қылып.
Кешіреді бəрін де,
Қаныма біткен тектілік!





Пікір жазу