29.06.2022
  95


Автор: Марфуға Айтқожина

ТЕМІРТАУ ТҮЛЕКТЕРІ!

Көрінген сонша жақын жанға тіпті,
Теміртау!
Отты арнасын маздатыпты.
Шыңдаған Нұрсұлтанды сол Теміртау,
Тербетіп, от толқындар сан ғашықты!
Аңыз ғып айтып болмас, таңға тіпті,
Ерлік салт – Теміртауда жалғасыпты,
Баулыған сол Теміртау түлектері,
Бұл күнде, ел басқарып,
Алға шықты!..
Неғылған таңғы шықтай тұнық сезім,
Аршыған мөлдіретіп үміт көзін.
Алдымен Теміртауы түседі еске,
Елбасы!
Алғанда еске, жігіт кезін!..
Өнерім, өмірімді тасқынды еткен,
Үнімде күз толғанып,
Жатсын көктем!
Ел үшін,
Өлең үшін ғұмыр кешем,
Тілемен, ажал есік қақсын деп мен...
Жатса да өнер үшін жазаланып,
Өнерге барын салған, қазақ анық.
Көктемнің нөсеріндей төгіп өтер,
Өнермен жатсын өмір, тазаланып!
Ғасырлар дауылына шалдықпаған,
Хас өнер,
Қанатты құс, ғажап анық!
Өнерсіз өрлемейді тасым өрге,
Аруға, өнер сүйеу,
Асыл Ерге!
Хандар да өнер үшін тақтан түсіп,
Тигенше,
Тағзым еткен басы жерге!..





Пікір жазу