29.06.2022
208
ҒАШЫҚ БОЛУ – ШЫН БАҚЫТ!
Қиял – теңіз,
Кетем кейде шым батып,
Бұлбұлдарға жүрек үнін тыңдатып.
Кейде еңсені көтертпейді мұң басып,
Ғашық болу – шын бақыт!
Арманым – шың,
Өрнектедім гүлге орап,
Түстер көріп оянамын, бір ғажап!
Қаншама ойлар, жүректі жүр жұлмалап,
Ойлы болу – бұл да азап...
Үміт – шексіз,
Өшеді өкпем жетсем деп,
Шексіз дүние жалған,
Шексіз аспан көкпеңбек!
Жетсем деймін,
Жеткем жоқ,
Жаным қалай кектенбек?!.
Көктем – арман,
Жаз жылыстап,
Жетті күз...
Есіңдеме,
Жалтармайтын отты қыз?!.
Күншуаққа тосайыншы арқамды,
Табанымнан өтті мұз...
Қиял – теңіз,
Кетем кейде шым батып,
Бұлбұлдарға жүрек үнін тыңдатып.
Кейде еңсені көтертпейді мұң басып,
Ғашық болу – шын бақыт!..