29.06.2022
109

ТҮСТЕГІ КЕЗДЕСУ
Бұл жалғанда қызыққа тойдыма адам,
Қанағатын қалайда жойды надан...
Төр жағынан «Пейіштің» үн қатты да,
Ойлы жүзбен бір қарай қойды маған.
Көз ала алмай ояндым кескінінен,
Естіліктің сарыны –
Есті үнінен...
Тірлігінде тірек қып жүруші едім,
Сыйластыққа өкіндім,
Кеш білінген...
Серілік серігі еді, қырағылық,
Сен көшкенде дүниеден,
Жылады жұрт...
Талантыңды сыйлаған есті қазақ,
Адалдықтың айтып жүр ұраны ғып!..