29.06.2022
  109


Автор: Марфуға Айтқожина

ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ

Тарихта алар орны аса мəнді,
Отты жыр,
Толқындатқан асау əнді.
Ордасы – Ұлылық пен хас таланттың,
Жазушылар одағы,
Жаса мəңгі!
Таланты тұрғай, көрген азабы үлгі,
Жай таппас,
Жауламаса назарыңды.
Жазушылар одағы –
Жетпіс жаста,
Танытқан талантымен қазағымды!
Күйзелткен күндер өтті жабайылар,
Күндерден қасіретті жан айығар.
Қашан да қазақ елі, құдіретті ел,
Жамбылы, Мұхтар, Ғабит,
Абайы бар!
Аттағам жүрек тулап босағаңды,
Жүрегім саған сырлы қосады əнді.
Сəкен, Ілияс, Мағжандар – дара тұр ғой,
Жазушылар одағы,
Жаса мəңгі!
Екінші жыр
Алапатын көрсе дағы көп күштің,
Жанарынан арылмаған отты ұшқын.
Жар салып тұр бүкіл елге тебірене,
Кемеліне келген шақта
Жетпістің!
Жазушылар одағына қазақтың,
Тілеймін мен, бəрін дағы ғажаптың!
Шаңырағын биіктетіп тұр бүгін,
Тəуелсіздік нұры құшқан,
Азат күн!
Тарихы бар тым ертеден басталған,
Болған емес,
Кездері ешбір жасқанған...
Салтанатты осынау Ақ Орданы,
Қазағымның –
Ұлылары басқарған!
Өтетұғын жыр төгілтіп, əн ғылып,
Қасиетті бұл –
Ақ Орда мəңгілік!
Ұлылықты жалғастырып ұрпаққа,
Ғасырлармен бірге жасар,
Жаңғырып!..





Пікір жазу