29.06.2022
  123


Автор: Марфуға Айтқожина

АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ДАҢҒЫЛЫНДА АҚ ҮЙ БАР

Абылай ханның даңғылында
Ақ үй бар,
Əдеппенен есігін ақырын қағыңдар!
Төрінде оның отырған талай мықтылар,
Ала алмайтын,
Арыны қатты,
Ағындар!..
Бұл даңғылда Жазушылар үйі бар,
Үзілмейтін, қоңырлаған күйі зар...
Керек болса,
Ордаң осы сиынар,
Ей, жас өрен,
Көкейіңе құйып ал!
Жаңғыртатын
Абылай ханның даңғылын,
Ақтарылар,
Осы ақ үйден үн-жырым!
Естисіңдер, ақындардың мəңгі үнін,
Сол құдіретті үн,
Көтеріп тұр,
Абылай хан даңғылын!..
Осынау үйден қанат қақты армандар,
Осынау үйде, теңдесі жоқ талғам бар.
Өлім емес,
Ойлар кешкен жандардың,
Тынышын бұзып алмаңдар!..
Абылай ханның даңғылында
Ақ үй бар,
Əдеппенен есігін ақырын қағыңдар!
Төрінде оның отырған –
Талай мықтылар,
Ала алмайтын,
Арыны қатты, ағындар,
Есігін жайлап жабыңдар!..





Пікір жазу