29.06.2022
  97


Автор: Марфуға Айтқожина

КІНƏ ҚОЙМА, МЫҢМЕН ЖАЛҒЫЗ АЛЫСҚАН

Кінə қойма мыңмен жалғыз алысқан,
Құдіретті үн, естіледі алыстан.
Сол құдірет –
Адамзаттың Абайы,
Кемеңгер де данышпан!
Кінə қойма мыңмен жалғыз алысқан,
Естіледі сол үн –
Жерден,
Ғарыштан!
Өтсе дағы арадан жүз алпыс жыл,
Сол құдіретті үн, ұрпағымен қауышқан.
Көңілді үнге толып бүгін маңайы,
Төгіледі атқан таңдар арайы.
Жалпақ əлем,
Жаттап жүрген жырларын,
Адамзаттың – Абайы!
Көрсетсе де заманасы мың қысым,
Үркітсе де əуелеген түз құсын...
Мақтанышпен тұр ғой қарап əлемге,
Кеуде керіп,
Шыңғысың!
Тербеп жатқан атын қазақ даласы,
Кемеңгердің келбетіне қарашы!
Адамзатты жүгіндірген алдында,
Құдіретті,
Құнанбайдың баласы!..





Пікір жазу