ЖҰРТТЫҢ БƏРІ ЖИЕН ЕМЕС АБАЙҒА
Дауылдарға тосып өскен арқасын,
Арқасына нардың жүгін артатын –
Елі үшін еңбек еткен ерінбей,
Өнерімен өрге басқан,
Балташым!
Жарып шыққан тіршіліктің жартасын,
Қарағайдай, биіктерге тартасың.
Аз болған жоқ төгілген тер маңдайдан,
Кезі келді,
Мерейіңнің артатын!
Адамдардың жек көрмейтін баршасын,
Қырандайын баулып жүрген қаншасын
Бағаланып жатқан кезде еңбегі,
Айтыңдаршы,
Балташ қалай шаршасын?!
Жəбір шектің, болмаса да жазығың,
Ар-намыс пен
Зор кісілік, азығың.
Құтты болсын, алған үлкен атағың,
Ер əулеті,
Құнанбайдай қажының!
Орап бүгін жүрегіңді арайға,
Кезің келді қуанатын қалай да.
Құттықтаймын, шын жүректен,
Уа, Балташ,
Жұрттың бəрі жиен емес,
Абайға!..
Бұл өмірде өкініш те, бар ғажап,
Сен дағы бір Семейдегі нар қазақ!
Болғаныңмен Абайдың төл жиені,
Абайымды арқаланған бар қазақ!..