29.06.2022
128
МҰХТАР АҒА!
Жасқаған айшықтары жаттың көзін,
Шағылып күн нұрына ақ күмбезің!
Жер шарын дөңгелеттің алдында бір,
Дабылды дүниеге қақтың да өзін!
Қайырмасы:
Ойынан шуақ шашқан жұртқа дана,
Шыңына Ұлылықтың шыққан Аға!
Халқыңды аспандаттың сыртқа жаңа,
Қазақтың мақтанышы –
Мұхтар аға!
Намыс қой, арнамаса ақын өлең,
Тауы да бұл даланың,
Тасы да өлең!
Жүз жылда дүбірлетіп дүниені,
Əлемге кетті даңқың,
Асып ерен!
Қайырмасы:
Қазақтың қалмасын деп, халқы жүдеп,
Қасіретті болмасын деп, жарты жүрек...
Күн бойын көтереді шұғылалы,
Шыңына –
Шыңғыс таудың артып иек!
Қайырмасы:
Тілекті тілемейік қысқа ғылып,
Тартқан кез болды ұшқын –
Құс та күйік!..
Бесігі Ұлылардың, байтақ дала,
Түсірмей өр еңсеңді –
Ұста биік!..
Қайырмасы.