29.06.2022
  146


Автор: Марфуға Айтқожина

АЛДЫНДА БАР ҒАЛАМДЫ ЖҮГІНДІРГЕН

Ойым жоқ елден бөлек бүгіп жүрген,
Биіктеп тұрған жоқ па, бүгінде іргем!
Ұлы Абай!
Айналайын, аруағыңнан,
Алдында бар ғаламды жүгіндірген!
Кең дала, нұрын шашқан маңайына,
Қараймын мақтанышпен
Абайыма.
Алдында Ұлжан Ана басымды идім,
Абайды берген қазақ талайына!
Теңесер ақылды ару, саналы ермен,
Жұлдызы ондай жанның –
Жанады өрден.
Ұлжанды Ұлы демей, мен кім дейін,
Қазаққа –
Қайталанбас Дана берген!
Алдырар қиялаған қыранды ойға,
Жандарға қыран тектес қуанбай ма.
Текті ұлын, кең дүниеге теңестірген,
Емес қой,
Тегін кісі,
Құнанбай да?!
Көтертіп жырларыңа ақыл жүгін,
Ұрпақты қияндардан –
Шақырды үнің!
Жұртыңның санасына саңылау түсіп,
Сезімін сілкіндіріп жатыр бүгін.
Ой – тұнық,
Сезім – терең,
Ар – қанатты,
Текті өлең, тамырын терең жалғап апты.
Өзіңді біреуі де жұбата алмай,
Жатырсыз, тебірентіп, бар қазақты!..





Пікір жазу