29.06.2022
  200


Автор: Марфуға Айтқожина

ЕЙ, ТƏКАППАР, ТАБЫНТҚАН, ПАЙҒАМБАРЫМ!

(Əні бар)
Таусылмас ақтарылса таңға сыры,
Халқымен қашан дағы жалғас үні –
Өзіңдей ой асырған кемеңгерін
Заманның жырлай берер,
Сан ғасыры!
Қайырмасы:
Табынтқан, ей, тəкаппар, Пайғамбарым,
Қанатын кең аспанға жайған дарын!
Тербетіп ойлы жырмен жүректерді,
Жалғасып жатыр атқан –
Таңдарға əнің!..
Тым жақын, Сізден шалғай тұрсақ та үнің,
Өзіңді пір тұтады, ұрпақ бүгін.
Шыңғыстың –
Шыңдарындай бұлт шалдырмас,
Асқақтап тұрған жоқ па,
Жыр шоқтығың!
Қайырмасы:
Уақыттың өтсе де сан өткелдері,
Аңсайды кербез дала,
Көк көлдерің!..
Дүние бір дүбірлеп жатыр-ау деп,
Бұл күнді күтіп пе едің,
Көптен бері.
Қайырмасы:
Ұлы Абай!
Келді міне, күткен күнің,
Таңдар да мөлдіретті шық мөлдірін.
Самалы Семейіңнің еркін есіп,
Ел-жұртың, тебіренуде тіптен бүгін...
Қайырмасы:
Аттанған ақша бұлттай шыңға қонып,
Жеңіпсіз, жасағанда –
Жырға жорық.
Қаратып бар əлемді ауызыңа,
Қалдыңыз,
Өлең-жырға
Тұлға болып!
Қайырмасы.





Пікір жазу