ХАЛЫҚТЫҢ ҚАҺАРМАНЫ, БАТЫР ҚАСЫМ!
Беліне ел намысын – түйген Қасым!
Жауына жай оғындай – тиген Қасым!
Көз жұмған ерлігіне,
Елін қорғап,
Карпаттың тауы басын –
Иген Қасым!
Халықтың Қаһарманы – Қасым батыр,
Дақпырты бар əлемге асып жатыр.
Ерлікті іздемейік басқа жақтан,
Партизан – Қасым ағаң
Қасыңда отыр!
Кешегі туған елдің жас қазағы,
Ерліктің – ерлігін ол, бастады əне!
Сұрапыл, сол бір жылдар еске түссе,
Қырандай түйіледі
Қас-қабағы!
Батыр аңғал, қатерді байқасын ба,
Қас жаумен жан аямай шайқасуда!
Жалғыз сəт толастаса,
Үнсіз майдан,
Түседі ер Қасекең,
Қайта сынға...
273
...Жерлері Украина жасыл орман,
Жатса да көк Днепр,
Тасып арнаң –
Тау-тасы, орман-көлін түгел қоймай,
Фашистер ойрандады, басып алған...
Басқа жер, қоя тұрып басқа жақты,
Тастады Украинаға –
Жас қазақты!..
Қырғидай тиді Батыр қас жауына,
Елемей, жаңбырлата атқан оқты...
Өмірдің емес қой бұл жай соқпағы,
Өткенін сұрапыл жыл байқатпады.
Күрсініп, Батыр Қасым,
Алады еске,
Қаншама майдандасын,
Шайқастағы...
Алтайдың қас қыраны қалықтаған,
Кезі жоқ батылдықты танытпаған!
Əкелді дүниеге
Қасым тектес,
Қаншама,
Ер ұлдарын,
Алып далам!
Халықтың Қаһарманы,
Батыр Қасым,
Ол – ағаң,
Жайшылықта, ақылдасың.
Ел үшін – жаннан кешкен,
Жас қазақтың,
Ерлігі майдандағы –
Жатыр басым!..
Үн қатып сексен жастың сеңгірінен,
Бастайды ол,
Биіктерге елді кілең!
Жаһанның жұртшылығын
Ер қазағым,
Елдігі, мойындатты –
Ерлігімен!
Беліне ел намысын – түйген Қасым!
Жауына жай оғындай – тиген Қасым!
Көз жұмған ерлігіне,
Елін қорғап,
Карпаттың тауы басын –
Иген Қасым!