29.06.2022
  138


Автор: Марфуға Айтқожина

«ХАБАР»

Желі есіп Желтоқсанның Хабарыңнан,
Көрінсін тəуелсіз күн қабағыңнан!
Қанатын қағып дəйім биіктерде,
Жеткізсін жаңалығын сан-алуан!
Жанымыз хабарыңнан жадырасын,
Өмірдің асыратын мағынасын.
Көгілдір экраннан ертелі-кеш,
Төрімнен болсын жұртым,
Табылатын!
Жұртым деп соққан жүрек, талмас үнің,
Ғасырға ғасырымның жалға сырын!
Арманын,
Асқақ ойын жеткізе бер,
Халқым деп, тебіренген –
Елбасының!
Жеткізіп қазағымның дана сырын,
Тынысын,
Тіршілігін, Ана тілін –
Соқтырсын қолқа-жүрек тамырында,
Жаңғыртсын,
Тəуелсіз ел,
Тамаша үнін!
Кенелсін туған елім қуанышқа,
Келбетін көріп байтақ даласының!..
Қанатын қағып қырдан,
Қағып шыңнан,
Көрінсін, Қазақ деген алып тұлғаң!
Қауышып жатсын Хабар, Отанымен,
Секілді, күретамыр,
Соғып тұрған!





Пікір жазу