29.06.2022
  131


Автор: Марфуға Айтқожина

ДАРА ТҰЛҒА!

Жарқылдап жанарында –
Жалын ойнап,
Жүргенің қалың жұрттың қамын ойлап.
«Нұрекең, аман болсын» – деп тіледі,
Айбынды қазақ елі,
Ару – аймақ!..
Шілденің сəуле шашқан жұлдызына,
Қарады көк күмбезден –
Күн қызыға.
Кеудесі күйге толып,
Жырға толып,
Тебіренді,
Алатаудың шың-құзы да!
Төңірек толып кетті жайнап гүлге,
Жүрегім жыр толғады,
Арнап Сізге!
Санасса Əлем жұрты өзіңізбен,
Отырды,
Ұлы Дала
Тойлап бірге!
Жігітке берсе осындай бақыт берер,
Шанақтан күй төгіліп,
Шалқыпты өнер!
Осынау тілек қосып туған күнге,
Тұрғандай жүрек тулап,
Толқып кемер!
Өзіңіз, Тəуелсіз күн бəйтерегі,
Бұл дала,
Бəйтерексіз қайтер еді?!
Тəуелсіз күнмен бірге бар Əлемге,
Танылды қазағымның
Қайсар елі!
Тебірентіп тауларымды асқаралы,
Тербейді əн,
Алматы мен Астананы.
Қолдасын аруағы,
Ер Бабаңның,
Тəуелсіз Ғасыр –
Сізбен басталады!
Жаңғыртып қаласын да, даласын да,
Еліңді бастап жүрсің жаңа шыңға!..
Аман бол,
Бар қазақтың бақыты үшін,
Заманнан асып туған,
Дара Тұлға!..





Пікір жазу