29.06.2022
120
БАРЫСЫ, ЖОРТЫП ЖҮРГЕН КЕҢ ДАЛАНЫҢ!..
Жаңарып ай, жылдарым,
Жаңарып күн,
Жаңғырып есімдері сан алыптың –
Күншуақты, Астана, бой көтерді,
Белгісіндей,
Бейне бір даналықтың!
Ауа тұнық,
Ғажайып, ашық күні,
Ғалам саған жасырмас,
Ғашықтығын.
Арман еткен аруақты Бабаларым,
Киелі топырағыңды басып тұрмын!
Жаңа Астана!
Тұрғанда шомып нұрға,
Көкірегім кеткендей, толып нұрға.
Сан ғасырлар адасып жүрген бізден,
Бақыт құсы,
Басыма қонып тұр ма?!.
Көңіл толқып, нұрланып түрегелдім,
Бұл дағы бір –
Биікте түлеген күн!
Жасап жатқан жұртыңа –
Жақсылығың,
Жүрегінде сақталып жүреді елдің!
Ешнəрседен демеймін кем қаламын,
Көңілдегі айығар, енді алаңым.
Қазағымның аман бол,
Бақыты үшін,
Барысы,
Жортып жүрген,
Кең даланың!..