29.06.2022
  284


Автор: Марфуға Айтқожина

ТАРИХИ ТАРАЗ

Табанға төсеп талай ғасырыңды,
Баулыған ару қыздар,
Асыл ұлды.
Замана керуендері кешіп өткен,
Бойында бұл –
Тараздың жатыр үлгі.
Тереңдік, кемеріне бойлап ғасыр,
Таразым, екі мың жылын тойлап батыл –
Тəуелсіз қазағына тірек болып,
Елбасы!
Елдің жайын ойлап жатыр!
Таразды көркейтіп те, гүлдетіп те,
Ұйқысыз біреу сендей –
Түн кешіп пе?!.
Тарихи Таразыма
Тағзым еткен,
Қарайды ел, ризалықпен Үмбетовке!
Өткерген бастан өмір қарлы ақпанын,
Таразым, бас қостырды, саңлақтарын!
Қашанғы арманы еді,
Қазағымның,
Басыңа қонса бақыт,
Орнап сəнің!..
Қан төккен Тараз үшін қалың халық,
Жатыр ғой, сол қалаға жанын салып...
Көшетін жібек жолда,
Керуендер,
Ол дағы тыншығандай, дамыл тауып,
Алыстан естіледі,
Əнің талып!..





Пікір жазу