29.06.2022
  187


Автор: Марфуға Айтқожина

ЖАПЫРАҚТАР ЖАУҒАНДА

Көңілім қанша түңілді,
Көрместей, тірлік түріңді.
Арманмен аңсап ояндым,
Бауырға басып мұңымды,
Күйімді кім ұғынды?!
Жүрсем де кейде құрып сəн,
Жайым бар, жырға құныққан.
Кеудемнің кербез шыңына,
Жатса да уыз, ұйып таң,
Кезім жоқ, сені ұмытқан...
Сарылып сапар шеккенде,
Тосылдым, өмір, өткелде.
Ұмытқанменен өткенді,
Өкініш, қайғы көп менде,
Ұға бермес, көп пенде!..
Көк мұнар шыңда бауырлап,
Бұлт көшті тауды сауырлап.
Серги ме десем,
Тəңір-ау,
Ой жүгі жатыр ауырлап,
Аңсатып алыс, ауыл жақ...
Ызғырық есті таудан да,
Күн төбеден ауған ба?!.
Жүрегім бірге егілді,
Жапырақтар жауғанда,
Жапырақтар жауғанда!..





Пікір жазу