ЖАҢА ЖЫЛҒЫ ТІЛЕК
Қарашы, қарлы шыңдар, қырқаларға.
Жарасып тұрған жоқ па, шыршалар да.
Қарашы, қандай ғажап, мынау əлем,
Бөленіп жатқан аппақ, ұлпа қарға.
Көңілдің шыңын енді бұлт шалар ма?!
Бөленген сұлулыққа далам менің,
Тыныстап, емін-еркін алар демін.
Тəуелсіз күндерімнің арқасы ғой,
Қарашы, ой да, қыр да, жаңарды елім,
Ғасырлар, Бабам күткен заман ба едің?!.
...Өзегін үрейлі түн, өртеп таңның,
Өмірін ерлікпенен –
Өлшепті əр кім...
Шыңдарға шырқап мен де кетпес пе едім,
Дауылын жырға берсе, Желтоқсанның?!.
Желтоқсан! жағып кетті, жер шоқтарын!..
Əрқилы заманалар кешіп сырын,
Əлемді шарлап түгел кетіпті үнім!
Ақындар, ақтарыла есіп жырын,
Аналар, тербей берсін, бесік жырын!
Бақ құсы, елге қонған, маған қонып,
Өтпесін білем көңіл алаң болып.
Бар қазақ, арманына жетсе деймін,
Көл-көсір,
Қысылмайтын заман болып!..
Алатау, тілдеседі Талқыменен,
Шыңдарын тербетеді!,
Шалқып өлең!
Уыздай ұйып елдің татулығы,
Елбасы!
Аман болсын, халқыменен!..