29.06.2022
108
Ақын жанды, ақкөңіл, əнші Бақыт...
Ақын жанды, ақкөңіл, əнші Бақыт,
Жүрегімді жылаған
Алшы уатып...
Жаз күнімен жапырақтар қоштасуда,
Қимастық жасын тынбай тамшылатып...
Қоштаспаймыз екеуміз, қоштаспаймыз,
Көктеммен де, жазбенен достасқанбыз.
Жетіпсің-ау, алпыстың асуына,
Ерке-шора,
Кешегі шоқ басқан қыз...
Қуанбасаң, бұл күнге жасыма сен,
Еркелетіп өсірген, Əшім əкең!..
Алпысыңды аялап, құшақтайын,
Қасыма кел, құрбы жан,
Қасыма кел!
Нағыз кезең келді енді, тасып өтер,
Қатар-құрбың жетеді, басыңа тең!
Жанарыңдай жарқырап тұрған сенің,
Аспанымыз шуақты,
Ашық екен!