«ҚАРАҒЫМ-АУ»
Жылы еді үнің қандай, «қарғам» деген,
Ойыма оралады, орман, белең!..
Жалғыз сөз себеп болып,
Жан толқытып,
Ер-Аға!
Жаңадан бір жалғанды өлең!
Жақсының салты емес пе, жатсынбайды,
Сейілмей, енді қалай жатсын қайғы?!.
Айтылған «қарғам» деген жалғыз сөзден,
Көктемнің селі қайта тасқындайды!
Келіппін өмір кешіп беріктікпен,
Күндерім жақындады, сеніп-күткен.
Көктемнің шуағындай мейіріңнен,
Барады мұң құрсаулар, еріп тіптен!..
Самал ма, көлдің бетін шайқамайтын,
Ақын ба, жылылықты байқамайтын.
Ұмытқан ерке күнді еске салдың,
«Қарғам» деп, Əкем жиі қайталайтын.
Көк таулар қалқасында, алыс жердің,
Жүзінде сонша назды, қалып белгім...
Қашықтап кеткен менен қанша жылдар,
Ерке – Аға-ау!
Сол көктемді алып келдің!
Алып келдің кішілік, кісілікпен,
«Қарғам», деген бір сөзде – түсінік кең.
«Қарғам-ау», – деп айтады, қарындасын,
Алғыс жырын отырмын ұсынып мен.
Алғысымды қабыл ал, асқан дарын,
Өткердіңіз өмірдің бастан бəрін.
«Қарғам-ау» дегеніңді қайта естісем,
Жақындай беретіндей.
Аспанда күн!..