29.06.2022
  106


Автор: Марфуға Айтқожина

ШАҢХАЙ ƏНІ

Толқынды, сазды-ырғақты,
Шаңхай əні,
Шаңхай ару,
Шаттана шалқаяды,
Хандарын ғасырларғы еске сақтап,
Бау-бақша гүлге оранған, сан-саялы!
Кешегі бұғаулықтан босап əлгі,
Тірлікке, деп тұрғандай,
Жаса мəңгі!..
Буалдыр, мұнар күнді бір көрсетпей,
Аспанның аясында тасаланды.
Көркіне Шаңхай десе, қызығардай,
Бергісіз шілдеге де,
Күзі қандай?!.
Жамылып жасыл жібек,
Жайқалып тұр,
Кешегі орталықтың ізі қалмай!..
Ерекше көз тартады сергектігің,
Жанып тұр бақ-жұлдызың өрлеп бүгін!
Қақ жарған қала ортасын –
Шалқар Шаңхай,
Толқындап жатыр қала
Тербеп түнін.
Көз тартса, арулары мың бұралып,
Жарасқан қарттарына сұңғылалық...
Түс көріп оянғандай, басқа күйде,
Кешегі азап шеккен, мұңды халық.
Толқындай толқынданып Шаңхай əні,
Сұлулық құшағында шалқаяды.
Тербеліп көк теңіздің құшағында,
Жаңғырып жатыр өмір, сан-салалы!..
Шаңхайда тербетілген көп қайықтар,
Жастанып жағалауды, жантаяды...





Пікір жазу