28.06.2022
  120


Автор: Марфуға Айтқожина

Барады Сайрам көлден сағым көшіп...

Барады Сайрам көлден сағым көшіп,
Сайрамкөл –
Тербетілген нағыз бесік.
Туған жер, қанша жылдар сарғаюмен,
Келемін сағыныштың
Селін кешіп!..
Сарқылмас сағыныштың ішкем уын
Енесің жиілетіп
Түске бүгін...
Сазы боп сағыныштың шертілуде,
Ширыққан, қашаннанғы іштегі үнім.
Жатырсың тағы тулап кемеріңнен,
Өңім деп түс болса да, сенейін мен.
О, туған жер,
Аша гөр құшағыңды,
Жатайын тыныс тауып, тереңіңнен!..





Пікір жазу