28.06.2022
  111


Автор: Марфуға Айтқожина

Басқаға емес, табынамын саған көп...

Басқаға емес, табынамын саған көп,
Ұлылыққа табынбасқа шарам жоқ.
Құмырсқадай тынымы жоқ күй кешем,
Бір ұқсастық өзіңізбен табам деп.
Көңіліме медет тұтар бір ғана,
Тебіреністен жазылады
Жыр жаңа.
Дүниеге біз тамызда келіппіз,
Жасыл бүркеп,
Жасанғанда нұр-дала!
Сол тамыздың сұлулығын мəңгілік,
Өтсем деген арманым бар,
Əн қылып.
Ару – тамыз,
Алақанға алғанда,
Сəби – дүние, тұрған екен сəн құрып.
Толықсыған тамыз айы біз білген,
Көктемге де, ұқсамайды
Күз күнмен.
Жаны сұлу болсыншы деп,
Жан Анам,
Сайрам көлдің толқынына жүздірген.
Сұлулықтың сəулесіне шомып таң,
Сайрамкөлге аққу болып қоныпты əн.
Сұлу сазбен сусындатып жанымды,
Сұлулыққа табиғат та тоғытқан.
Сұлу шыңдар,
Сұлу жерде күн кешіп,
Сұлу үнмен тербеліпті жыр-бесік.
Тамыз айы –
Тамылжыған сұлулық,
Сұлулықпен өтсін ғұмыр үндесіп!..





Пікір жазу