28.06.2022
114
АЙНАЛЫП КЕТСЕМ, СЕҢГІРГЕ
Жанымды қажап, жебір мұң,
Жапырақ,
Жерге төгілдің...
Жайдары жазбен қоштасып,
Келді ме, күзі өмірдің?!.
Болсаң да жат сен бізге,
Ажыраспас, енді ірге...
Əмірі күздің жүрмес пе,
Айналып кетсем,
Сеңгірге!..
Сеңгірдің аты – сеңгір ғой,
Елемейтін,
Бұқпайтын.
Көңілге күдік төндірді ой,
Көкіректі ықтайтын...
Күз сырын – мен бе, ұқпайтын,
Соңында қысы қақаған.
Түсімнен неге шықпайсың,
Жүрсің бе, қорғап,
Ата-Анам?!.
Түсіме сен де жиі еніп,
Ойымнан болдың шықпайтын.
Арыма келем сүйеніп,
Сүрінсе де,
Жықпайтын.
Болсаң да жат сен бізге,
Ажыраспас, енді ірге,
Əмірі күздің жүрмес пе,
Айналып кетсем,
Сеңгірге!..