28.06.2022
  92


Автор: Марфуға Айтқожина

ЖАПЫРАҒЫН ШУАҚҚА...

Күндер өтті, жолыңды күтіп сенің,
Сағыныштың қаншама жұтып селін.
Селдің аты сел екен, жайпап кетер,
Жағалауды жатпайды ол
Құшып тегін...
Тартқан білер қасіретін, күткен қандай,
Сезінемін соңғы дем біткен жандай!..
Арғымақпен арада сабылған ел,
Татулығы болыпты сүт пен балдай.
Арбайды арман,
Қалай да сенсем деймін,
Көтертпейді ойлардан еңсем кей күн.
Орным менің – биікте,
Білгендерге,
Аласамен мен бүгін өлшенбеймін.
Орайын тап,
Ойымды бөліс мейлің,
Жəбірлеуге енді мен келіспеймін.
Бір-біріне қашан да ұқсамайды,
Күнгей менен гүлдері –
Теріскейдің...
Өсіп едім Тəңірдің күнгейінде,
Өткен күндер көп болды,
Күлмей мүлде...
Туған жерден табаным аумағанда,
Биігінде еркінше жүрмеймін бе?!.
Сəтті күндер аз емес арай күлген,
Тыныштығын іргемнің қалаймын мен.
Сағыныштан жаралы жүрегімді,
Жайым бар,
Жыр жапырақпен жамай білген?!.





Пікір жазу