28.06.2022
  125


Автор: Марфуға Айтқожина

Құстар-ай!

Құстар-ай!
Əуелеген, аспандаған,
Жанының нəзік сырын ашқан маған.
Шүпірлеп айнакөлдің айналасы,
Ерекше,
Естілмеген басталмақ əн.
Қашан да аман қонып, ұшсаң болды,
Сүйемін мен де өздерің ұшқан жолды.
Балаймын бақыттыға менен көрі,
Əуелеген құстарым,
Ұшқан жолды...
Асыға күтем солай көктемдерді,
Ерекше ғой,
Көктеммен жеткен белгі.
Наурызды жұртпен бірге тойлау үшін,
Дүркіреп,
Құстар ұшып
Шеттен келді!





Пікір жазу